lat: Lısenzıalaý
з а т. э к о н. Заңды тұлғалардың шаруашылық қызметін әкімшілік реттеу әдісі.
Ол сондай-ақ халық тұтынатын тауарлардың әкетілімін шек- тейтін, қатаң лицензиялау жүйесін көздейтін әдіс ретінде де пайдаланылады (Қаз. тілі термин. Экономика.).
Жобада БАҚ қызметкері саласындағы мемлекеттік реттеу, оның қызметін ұйымдастыру, телерадио хабарларын таратуды лицензиялау, журналистердің міндеті, оларды аккредитациялау, БАҚ туралы заңнаманы бұзғандығы үшін жауапкершілікке тарту, жауапкершіліктен босатылу жайлары кең түрде сипатталған («Түркістан»).