lat: Lıtografıa
[грек. lithos – тас, grapho – жазамын] з а т. Жайпақ баспаның көне тәсілі және осы тәсілмен түсірілген таңба.
Қазақстан суретшілерінен Ё.М.Сидоркиннің көптеген еңбектері литографияға жатады (ҚСЭ).
Литография 18 ғасырдың басында графиканың ең негізгі түріне айналды. Түрлі түсті литография кескін алу үшін бояулар санына сәйкес баспалық пошым жасалады (Қаз. өнері энцикл.).
Литографияның ағаш гравюра мен линогравюрадан ең басты айырмасы оның беті қашалмайды, тегіс күйінде қалады (Е.Каменева, Кемпірқосақтың түсі.).