ЛИЗИНГ

lat: Lızıń

[ағыл. leasing] з а т. э к о н. Заңды немесе жеке тұлғаның еңбек құралдарын сатып алу орнына басқа біреудің мүлкін пайдалануы; ұзақ пайдалануға тауар түрінде несие беру нысандарының бірі.

Лизингтің жалгерліктен негізгі айырмашылығы мынада: лизинг қолданылғанда үш тұлға қатысады, мүлікті лизингке өткізуді лизинг беруші емес, лизингтік компания жүзеге асырады, тараптардың өзара қатынасы сатып алу-сату шарттары негізінде құрылады, оның арнаулы тармағында машиналар мен жабдыққа техникалық күтімді лизинг алушы меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырады деп көрсетіледі (Қаз. тілі термин. Экономика.).