ЛАУ

lat: LAÝ

з а т. к ө н е. Қызмет бабымен жүрген лауазымды адамдарды бір ауылдан (бекетінен) екінші ауылға (бекетке) жеткізіп салатын күш-көлік.

Әлгі екеуі бірі стражник, бірі поштабай екен, төренің алдынан үй тіктіріп, лау байлатып, қой сойдыруға шыққан (М.Дулатов, Шығ.).

Мұны жүргізу үшін әділдікпен, тәртіппен лау беріледі (М.Дулатов, Шығ.).

Жүз елу шақырым жердегі Лепсі станциясына бірнеше шана лаумен жөнелтіледі (К.Қазыбаев, Ызғар.).

Бұрынғыдай төрелер қырып-жойып, керегінен артық лау байлатқандай емес екеніне жұрт түсінген (М.Дулатов, Шығ.).

Ат лауын жаңалап алып, қыстай жатып тынығып, жүзден аса кісі болып, жазғы салым Исатай Доңызтау, Борсықтағы Әлімге келеді (Х.Досмұхамедов, Шығ.).