lat: LAÝAZYM
(ар. мулазим ملازم)
1. Әскери шен (лейтенант, офицер, т.б.).
2. Ауысп. Қызмет дәрежесі, атақ, шен.
Әмірлік бер өтінемін лауазымың, Көрейін әкімшілік һәм фазылын («Асылбек пен Гүлжиһанның қиссасы». Бабалар сөзі. 21-том. 2005. 100 томдық).
Лауазым егелеріне татарча иаки орұсча иазсалар да ыхтиарлұлардүр (1852 жылы Орынбор шекара комиссиясының нұсқауы).