ЛАУХ

lat: LAÝH

«тақта», «діни мәтін жазылған тақта», «адамның тағдыры алдын ала жазылып қоятын көктегі тақта». Қазақ фольклорлық жырларында актив қолданыста болған лексика. Шығармаларда «әр адамның күні бұрын тағдыры жазылған тақтасы, жазмыш» деген мағынаны білдіретін «лаухул қалам», «лаухул махфуз» тіркестері жиі ұшырасады.