lat: LAǴMAN
з а т. т а м а қ. Жіңішке етіп созылған кеспеге бөлек қуырылған ет қосып әзірленген дүнген халқының ұлттық тағамы.
Официант әуелі шөкі мен арақ, қайта барып үлкен тарелкамен лағман, бір кесе манты әкеліп қойды (Ж.Тілеков, Жоңғар.).
Дөңгелек столдың үстінде манты, самса, лағман, бұрама сияқты дәмді өлшеулі тамақ бар (С.Шаймерденов, Болашақ.).
Демдеп пісірілген ет тағамдарының түрі көп, манты, лағман, пельмен де жеткілікті, салқын тағамдар да бар, сусын түрлері де жетеді (Самғау).