ЛАГЕРЬ

lat: LAGER

[нем. Lager] з а т. 1. Әскерлердің елді мекеннен тысқары, уақытша орналасқан орны.

Кімнің қай лагерьден қалай келгенін кейін тексеремін.Хұсайынов, Таныс адам).

Қайсеновтің отряды екі күннен кейін қысқы лагерьге оралды, араларында жаралы адамдар көп.Тоқаев, Көмескі ic.).

Бір күні партизан отряды лагерінің жасырын тосқауылына шақырылды деген соң келсем, екі адам тұр екен («Лен. жас»).

2. Мектеп оқушыларына арналған жазғы арнайы демалыс орны.

Жиып алды вожатый,

Шақырылды жиылыс.

Лагерьдің де тәртібін

Түсіндірді ол дұрыс .Шипин, Дастан.).

Қайтқаннан соң лагерьден Хабар жетті алыстан.

Олимпиада шақырған Өнерліні жарысқан .Шипин, Дастан.).

3. с п о р т. Ашық аспанның астына орналасатын шатырлардан құрылған уақытша аялдама.

Лагерьлер альпинистердікі, туристердікі, жаттығу, жорықтар, спорттық-тынығу, үйрену үшін болып бөлінедіпорт атау. қаз.-ор. түс. сөздігі).

4 . ә с к. Соғыста қолға түскендерді, қылмысты деп табылған, айдалған адамдарды ұстап қамайтын жазалау, азаптау орыны; концлагеръ.

Дәулетиярды жеңіл жұмыстарға пайдаланып, қарауылшылар лагерьден қашқандарды іздегенде жандарына ертіп жүретін (А.Жұмаділдин, Сең.).

Мұның бәрі Польша жеріндегі Бяла Подляска деген лагерьде болған, айнала тоқ жүргізілген темір қоршау (К.Қазыбаев, Ызғар).

Кезекші парабеллумын қолына алып, үш тұтқынды лагерьден шығар есікке қарай айдап әкетті (Қ.Исабаев, Ажал құрсауы.).

5. с а я с и. Белгілі бір мүддені жақтайтын қоғамдық-саяси ұйым, топ. Социализм лагері.