ЛАЙФ-КОУЧИНГ

lat: LAIF-KOÝCHING

адамның сұранысына сәйкес ол қажетті нәтижеге жеткенге дейін оның жанында болып, қолдау көрсететін маман (тренер, коуч) мен клиент арасындағы кәсіби қарым-қатынастар жүйесі. Лайф-коучингтің негізін қалаушы Томас Дж. Леонард. Лайф-коучингтің міндеті клиент үшін маңызды белгілі бір салада бұрын пайдаланылмай, жасырын болып келген ресурстар мен күш-қуатты пайдалана отырып, оның өзін жетілдіруіне көмектесу.