ЛАЙЫҚ

lat: LAIYQ

[ар. لائق ] с ы н. Ыңғайлы, дұрыс, сай .

Балалар дұрыс оқи алмай қиналған жерде, мұғалім өзі оқып көрсету лайық . Баяндап оқытудың асыл мақсаты һәм тәртібі, қысқа да болса осыдан аңдалса керек.Дулатов, Шығ.).

Дін қызметіне лайықты адамдар даярлау үшін заманның рухына лайық қылып медреселерді түзетуге һәм керекті орындарда жаңадан ашуға ерік берілсін (М.Дулатов, Шығ.).

Жиырма үш жасымда

Бұл өлең жазылған,

Басында табылмай

Өзіне лайық ән.

Мұңлы, күйсіз,

Жесір боп жатыр еді,

Мінеки, ойланып,

Өз әні табылған (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).