ЛАК

lat: LAK

[нем. Lack] з а т. х и м. Металл, ағаш, әйнек, былғары т. б. заттарға әдемі өң беру үшін қолданылатын, даяр күйінде дүкендерде сатылатын түссіз шайыр ерітіндісі.

Қызыл лакпен боялған қарапайым рамадағы суреттер үй ішін көріктендіріп, гүл-гүл жайнайды (С.Омаров, Әңгім.).

«Бүлдіріп алдым-ау» деген оймен Алмат қыздың лак жалатқан жалтыр, біз өкше туфлиіне көз қиығын салды (Т.Бердияров, Фарида).

Лакталған мебельдің жылтырағы кетіп, күңгірттенсе, оны қайтадан қалпына келтіру үшін, бұрынғы лагін наждакты қағазбен кетіреді (Келіншектер.).