ЛАПАС

lat: LAPAS

[ар. لباس ] з а т. Үш жақ қабырғасы жабық, төбесі жеңіл-желпі жабылған, үй ауласындағы жай.

Байдың келіні Күлбарша, лапастың ішінде, лаулап жанған самаурынның жанында тұр еді (Б.Майлин, Шығ.).

Жым-жырт, Төлеңгіттер шатыр жанындағы лапастың астында демалып жатыр (Ә.Әлімжанов, Махамбет.).

Күнде қораның ішінде тұратын пәуеске, пысқырынып лапас астында тұратын үш күрең ат, бір де бірі жоқ (С.Бегалин, Шоқан асу.).

Кешке мен лапастың астында әңгіме жазып отырсам, Палладий мылтықты алып ойнап тұрып әкемді басып сапты (М.Жұмабаев, Шығ.).