ЛАПАС

lat: LAPAS

1. (Қост., Семиоз.) үйдің ауыз бөлмесі.

Лапастың бір жағында жас тол ұстайтын, отын, су қоятын орын болады (Қост., Семиоз.).

Лапастың есігіне көзі түсіп, жүрегі қалтырай тіксіңкіреді (Б. Майл., Шығ., 3 т., 40).

2. (Орал, Орда) үсті, жан-жағы жабық қора.

Арық, малды, қыста лапасқа бағамыз (Орал, Орда).

Ол ауланың бұрыш-бұрышын, лапастың астын қарады (X. Есенж., Ақ Жай., 47).

Торы атты лапастың астына апарып байлады (Қ. Жұм., Соңғы..., 106).

3. (Орал, Казт.) жер үй.

Ол жерді қазып, лапас салды (Орал, Казт.).

Бұл сөз кейбір түркі тілдерінде де кездеседі (В. Рад., Опыт..., т. 3).

Л. Будаговтың сөздігінде лапас, лабаз үйдің ең төменгі қабаты, жертөле (Л. Буд., ч. 2.).

С. Мұқановта лабаз.

Сөйтіп жүріп шіркеуі бар бір алаңға жетсе, маңында сарай сияқты ұзынша бірдеме қараңдайды, жақындап барса бергі қабырғасы жоқ лабаз (С. Мұқ., Ақ. жұл.).

Бұны Шымкент облысының кей жерінде бастырма, Орынбор облысы Адамов, Берте аудандарында сәндіре деп атайды.