ЛАҚ

lat: LAQ

з а т. Ешкінің алты айға дейінгі төлі.

Шал-кемпір күншуақтап, көңілі жай боп,

Өткен күн, өмірін айтып, күбірлесіп.

Бота, құлын, бұзау, лақ , қозы туып,

Қуанып ойнақтайды, олар да өсіп.

Сөйтсе де адам көзі бір тоймайды,

Харекет берседағы қанша несіп (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Ешкі сүйеді баласын «лағым», деп,

Тастан тасқа секірген «шұнағым» деп (С.Сейфуллин, Шығ.).

Ақ ешкі зарланасың лағыңа,

Сүт берген емшегіңнен шырағыда,

Қосылып, кел, екеуміз бір жылалық,

«Тәңірдің» жетер ме екен құлағына (К.Әзірбаев, Шығ.).

Бала тым қорқақ келеді. Мұны. себебі баланың қиялы тым тірі һәм денесі әлсіз. Бала желден, сықырлаған есіктен қорқады, қозыдан, лақтан қорқады, жат кісіге жоламайды (М.Жұмабаев, Шығ.).