lat: LAQ
е т. 1 . Басқа жаққа (айдалаға) беталды қашу, бас бермеу.
Және де бұл есектің көзі соқыр,
Басшысыз соқыр қалай жүрсін оңға?
Лағып тура жолдан қаңғып кетті,
Қисайып қыңыржақтап, шығып жонға (А.Байтұрсынов, Шығ.).
Орыс шын сүюдің не екенін білмейді.
Сендердің сүюлерің асау аттың бетімен лағып тулап шабуы сықылды.
Сол алғаныммен арқар мен құлжадай тату-тәтті тұрып жатқан жайым бар еді (М.Жұмабаев, Шығ.).
Ұшқыр қарабедеумен қуған
Ақан ысқырып шақырса да,
Құлагер басындағы адамға бой бермей, лағып кете берді (С.Жүнісов, Ақан сері).
2. а у ы с. Тура жолдан кету, қағидаттарын ауыстыру.
Мұндай іс арасында болған емес,
Көз салсақ бұрынғы өткен бабамызға.
Атаның жолын қумай лаққанда,
Тура жол сонан артық табамыз ба? (А.Байтұрсынов, Шығ.).
3. Барар бағытын білмей, беталбаты сансырап жүре беру.
Суатқа мал суғара барған малай,
Келеді құлақ-мұрнын о да уқалай.
Кенеттен бір мезгілде боран соғып,
Лағып құба жонға кеткен талай (М.Дулатов, Шығ.).
Жайықтың бір имек қолтығына ойысып кеткен ғой бұлар.
Сонда да, біз құсап адасып, лағып жүрген машина көріне ме? (Б.Аманшин, Көкжар).
– Қой, беталды лаға бермей, бағытымызды білмесек болмас, – деп мен машинаны тоқтатқыздым («Қаз. әдеб.»).
4. Айдалаға, аулаққа қашу, ешкімді көргісі келмей кетіп қалу.
Ол күні Қартқожа лағып теріс шығып кетіп, далаға түнеген (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Жатақхананың дәл жанынан өтетін ұйғыр көшесіне түсіп алып, Алатаудың алыстан көрінген ақ бас шыңын бетке ұстап, лағып тарта бердім (Ә.Нұршайықов, Ма- хаббат.).
5. а у ы с. Босқа қаңғу, сенделу.
Лағып босқа далаға,
Қоспады қайта жол бізді,
Қанша жыл өтті арада,
Көре алмай кеттім сол қызды (C.Жиенбаев, Алтын қалам).
6. а у ы с. Не болса соны айту, әңгімеден ауытқу, бос сөйлеу, көпіру.
Сен билеттегі сұрақтарды айтудың орнына мүлдем лағып кетіпсің (С.Жүнісов, Өшп. із.).
Кейбіреулер көпіріп бос лаққанда аузымен орақ орады (Р.Әутәліпов, Қыр әңгім.).
Садық орынсыз лағып сөйлемейді, өзіне берілген сұрақ болса, қысқа, дәл жауап қайтарады (М.Сәрсекеев, Жетіжылдық.).
Босқа және басқа жаққа лағасыз!
Ер қадірін назардан тасалаудан,
Қай ел опа тауыпты?
Иә, ерлікті жасамаудан
Бағаламау әлдеқайда қауіпті (М.Шаханов, Ғасырлар.).
Түзуіне төтелеп тура жүру,
Жөнді іске теріс лағып бәлен демес.
Әр пенденің басында әртүрлі іс бар,
Табылған барша жұрттан ұшбу кеңес.
Егерде жүрегіңде талап болса,
Қорғанбай көкке ұмтыл, бойды теңес (Ә.Найманбаев, Шығ.).