зат. Ешкінің және ешкі тектес басқа да аңдардың алты айға дейінгі төлі. Алшыңнан деп асығын лақтырып, Асау тайын шыбықпен құлаққа ұрып. Жүрген шығар, кім білсін, балалық шақ Жардан жарға секіріп лақ қуып (1,164). Жарық түсті, қарауылда көрініп, Төңірекке қарап тұрмын елігіп. Таяқтасам жерде ғана бір елік, Емізіп тұр екі лағын керіліп (1,173).