lat: LASHYN
з а т. 1. з о о л. <лат. falco peregrinus> Өте шапшаң ұшатын, ұшып жүріп торғай, қарға, кептер, шіл, кекілік, бұлдырық алатын, құсбегілер баулып қаз үйрек, дуадақ, тырна, ұлар аулайтын жыртқыш құс.
Ақселеу мініп,
Қылаңнан киіп,
Қараған жанға көрінбей, ізденіп жарды,
Пида ғып жанды,
Алыс деп ауыл ерінбей,
Айлалы жолдас қасқа алып,
Аң көрген лашын бастанып (Ш.Құдайбердиев, Шығ.) .
Үйтасты оюмен торлап ап,
Жас арша жаяды құлашын.
Аядай аспаннан сорғалап,
Лып етіп қайқайды лашын (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).
Дуасы жоқ лашын –
Артық емес қарғадан (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
2. Сұңқар тұқымдасына жататын, қанатының үстіңгі беті сұр, асты ақ, аталығының салмағы 500-800 г, ұябасарыныкі 540-1090 г- дай болатын жыртқыш құс.
Біздің қыран деп білетін құстарымыз: бүркіт, қаршыға, тұйғын, тұнжыр, лашын, ителгі және қырғи («Қаз. әдеб.»).
Лашынның қанаттары ұзын және үшкір болып келеді. Мұндай қанаттар ашық далалы кеңістіктерде ұшуға бейімделген (Ж.М.Төреходжаев,.. Жыртқыш құстар).
Лашынның тұмсығы қалыңдау, әлді, ал имегі молаңдау, қияғы әрі өткір. Танау тесігі дөп-дөңгелек (Ж.Бабалықұлы,.. Қырандар).
3. а у ы с. Ержүрек, өжет адам.
«Екі азамат, сұлтаным,
Екі лашын, сұңқарым,
Ауға түскен, алданған (А.Байтұрсынов, Шығ.).
Қаз ілген лашын ем көлден,
Жас өтті төрт пенен нөлден.
Азайып от-жалын сөнген,
Дариға, кәрілік, қаза-ай (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).