lat: LEBEDKA
з а т. т е х. Ауыр жүк көтеретін тетік.
Өткен ғасырдың 70-жылдарында орыс инженерлері Баку кәсіпшілігіндегі бұрғышылардың ауыр еңбегін жеңілдету мақсатымен қол шығырын бумен жасайтын лебедкаға айналдырды (М.Маташев, Қара алтын.).
Машина жүйткіп келіп құдықтың басына тұра қалды да, бортты ашып жіберіп насосты арнаулы лебедкамен құдыққа түсіреді (Шопан серігі).
Капитан жарлығына ілесе лебедка арқандары шиқылдап, түбі сүйір қоржын тор қара қошқыл шыңырауға сүңги жөнелді (Ә.Сәрсенбаев, Капитан.).