lat: LEGATO
[итал. legato] з а т. м у з. Музыканы бір дыбыстан екінші дыбысқа үзіліссіз ұласу арқылы өзара байланысын үзбей орындау; нотаға қойылатын белгі.
Ысқышпен ойналатын шекті аспаптарға арналып жазылған музыкада ноталардың легато топтамасы бір ысқыш бойында, яки ысқыштың жоғары не төмен қозғалысымен орындалады (ҚҰЭ).
Нота жазуында легато ерекше таңбамен немесе legato деген сөзбен белгіленеді (Қаз. өнері энцикл.).