lat: LEIKOSIT
[грек. leucos – aқ, kytos – жасуша] з а т. а н а т. Қанның ірі ядролы, белсенді қозғалатын түссіз жасушалары, ақ түйіршіктері.
Қанның лейкоциттері амеба тәрізді қозғалып, қан тамырларының қабырғасы арқылы шығып, тканьдер арасын кезіп жүреді (Гистология).
Қанында да эритроцит пен гемоглобин мөлшері азайып, лейкоцит көбейеді (С.Сыбанбаев, Сиыр. кокцидиозы).
Iшкі құрылысына байланысты лейкоциттер түйіршікті (гранулоциттер) және түйіршіксіз (агранулациттер) болып екі топқа бөлінеді (Қаз. тілі термин. Биология).