lat: LEIKOZ
[грек. leukos] з а т. м е д. Қан құрамындағы эритроциттердің азаюынан болатын ауру; қанның ағаруы.
Лейкоз (лейкемия) – қан түзетін органдар жүйесінің қатерлі ісіктері. Iсік жілік майындағы клеткалардың тоқтаусыз өсуімен және сол жердегі қалыпты қан жасалу процесінің бұзылуымен сипатталады. Соның негізінде қан түйіршіктерінің (эритроцит, тромбоцит) саны азайып, ал жетілмеген лейкоциттер саны көбейіп кетеді (ҚҰЭ).
Қан пластинкалары – тромбоцитoa. де түрлі дерттерге шалдығады. Қанның бұл элементінің азаюы қан аздық ауруында – лейкозда жиі кездеседі (Т.Айтбаев, Қан. қасиеті.).
Лейкозбен мал, құс және адам ауырады (Т.Телеуғалиев, Ет эксперт.).