lat: LEKSIKALANÝ
[грек. lexikos] з а т. л и н г в. Сөз құрамындағы кейбір морфемалардың немесе сөз тіркестерінің тұрақты сипат алуы нәтижесінде олардың жеке сөзге парапар қолданылу құбылысы.
Алайда тілдік бірліктердің бір бүтін, дербес атауыш сөзге ауысу сипаты барлық тілде бірдей дәрежеде емес. Сонымен бірге, лексикалану – баяу жүретін немесе белгілі бір қоғамдық-тарихи оқиғаларға байланысты туындайтын құбылыс (Қаз. тілі энцикл.).