lat: LEKSIKALYQ
с ы н. л и н г в. Белгілі бір тілдің сөз байлығына, лексикасына қатысы барлық, соған тәндік.
Қазақ ақындарының ішінде лексикалық қоры бай ақын да осы Iлияс (С.Мәуленов, Үркер.).
Оқушылардың жеке дыбыстарды, буындарды, сөздерді, фонетикалық, лексикалық жағынан дұрыс жаза және айта алуына қамқорлық жасау қажет (Қ.Жарықбаев, Психология).
Қазақ тіліндегі қазіргі түбірлердің бәрі – лексикалық , грамматикалық және фонетикалық жақтарынан алғанда әбден қалыптасқан тұлғалар (Қаз. грамм.).