lat: LEKSIKOGRAFIaÁ
[грек. lexikos – сөзге қатысты, grapho – жазамын] з а т. л и н г в. Сөздік жасаудың теориясы мен практикасын зерттейтін тіл білімінің саласы.
Сөздік кітап болып, басылып шығуы да, қолжазба ретінде көшіріліп, тарауы да мүмкін. Мұндай сөздіктердің жинақты аты лексикография деп те аталынады (Қазіргі қаз. тілі).
Алфавит пен орфография, лексикология мен лексикография, тілдің тарихы мен диалектологиясы, фонетика мен стилистика сияқты ұлттық тіл білімінің тарам-тарам бөлімдеріне тікелей немесе жанамалай қатысты қыруар ғылыми ізденістер жасалды, нәтижелі еңбектер шықты («Қазақст. мұғ.»).
Қазіргі лексикография теориясы лексиканы белгілі бір жүйеде түсіндіреді, сөздердің лексика-семантикалық құрылымын көрсетіп, олардың мағынасыi диалект тұрғыда қарастырады (ҚҰЭ).