lat: LEKSIaÁ
[лат. lectio] з а т. Оқу материалы бойынша немесе белгілі бір тақырыпқа жасалған арнаулы баяндама, дәріс.
Сентябрьдің бірінде сабақ та басталды. Тіл, фольклор, әдебиет теориясы тағы басқа пәндерден лекция жүріп жатты (Қ.Жұмалиев, Жайсаң жан.).
Сәті түсті. Кейін университет қабырғасында жүрген кезімде Қазақтың академиялық драма театрының артистеріне барып, партия тарихынан лекция оқуыма тура келді (С.Шаймерденов, Сыбызғы.).