lat: LENTA
з а т. 1. Тaспа (әртүрлі мата, қағаз т.б. материалдан өте жұқа етіп істелген жіңішке таспа тәрізді бұйым).
Оқжетпестің найза денесі Ботагөзге түрлі- түсті жібек лента араластыра өрген қыздың тұлымына ұқсап кетті (С.Мұқанов, Ботагөз).
Жаңағы кісі қызыл жібек ленталармен әсем байланған үлкенді-кішілі екі қорапты да Миюданың қолына ұстатты (Ө.Қанахин, Бақыт.).
Жер қозғалған кезде маятниктің қаламы алдындағы жүгіріп тұрған қағаз лентаға ирек-ирек сызулар сызады (X.Әбішұлы, Халық астрон.).
2. Магниттік тәсілмен дыбыс жазуға әрі ол дыбысты қайта шығаруға арналған арнаулы бұйым.
1-ші Май күні қаламызға тағы бір үлкен қуаныш келді. Ол магнитофон лентасына жазылған Әміренің орындауында жеті халық әні еді (Ж.Шәкәрімов, Әміре).
Автоклуб меңгерушісі озат малшылардың ақыл-кеңесін, тәжірибесін магнитофон лентасына жазып алып, басқа отарлардың малшыларына тыңдатады («Мәдениет және тұрмыс»).
3. а у ы с. м. Фильм деген мағынада.
Бұлар («Отелло», «Гамлет», «Король Лир») бүкіл дүниежүзілік кино өнерінің алтын қорына қосылған ленталар («Соц. Қаз.»).
Апталық Қазақстанның кино көрушілерін басқа да көркемсуретті, документті, көпшілікке арналған ғылыми және мультипликациялық ленталармен де таныстырады («Лен. жас»).