ЛЕПЕС, ЛӘПЕС, ЛӘФЕЗ

lat: LEPES, LÁPES, LÁFEZ

(ар. лафз لفظ)   

1. Үн, дауыс шығару.

2. Сөз, сөйлем.

Қарабай “Құдай жазса” деген екен, Аузына жақсы лепес кірген екен («Қозы Көрпеш» (М.Ж. Көпейұлы нұсқасы). Бабалар сөзі. 54-том. 2009. 100 томдық).

Қареке, бұл лепесің жақсы кеп-ті, Асығыс жауап айтпақ сіздерге епті («Қозы Көрпеш Баян қыз » (Г.Н.Потанин нұсқасы). Бабалар сөзі. 54-том. 2009. 100 томдық).

3. Ауысп. Жылы, жағымды, ілтипатты сөз.

Хатыңызға һәм Жанызақға тіл ләфез бірлән айтқан сөзүңізге би разы уа хошнуд болдұм (1793 жылы Тіленші Бөкенбай ұлының Шерғазы сұлтанға жіберген мәлімдемесі). Жақсы ләпес есітіп, Менім де кетті шыдамым («Қисса Зарқұм». Бабалар сөзі. 12-том. 2005. 100 томдық).

Талған адам тұрыпты бір сипаса, Лепесі қара молда құр кетпеді («Сұлтанмахмұт Торайғыров». Бес ғасыр жырлайды. ІІІ том. 1985).