ЛИДЕР

lat: LIDER

басшы, жетекші. Топта, ұжымда әдетте жетекшілік міндетін өзіне алатын бір адам болады. Әлеуметтік психологияда мұндай адамды “лидер” деп атайды. Лидер топты ұйымдастыруға және басшылық етуге сайланады не ұсынылады. Лидер әдетте топтың іс-әрекеті жайлы, оның құрамы мен мүмкіндіктері жайлы мейлінше хабардар болады. Ол топ мүшелерімен қатынаста өзін еркін, сенімді ұстайды. Психологиядағы зерттеулерде лидердің мынадай қатынаста қызмет атқаратындығы айқындалған: а) ол топ алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен құралдарын жоспарлайды; ә) топ мүшелері арасында атқарылатын іске жауапты адамдарды белгілейді; б) егер топтың алдына маңызды іскерлік мүдде қойылған болса және бұл топ өндірістік еңбек ұжымы болса, белгілі бір топтық шырай орнатады; в) топ мүшелерінің әлеуметтік белсенділігін дамытады. Психологтар зерттеулерінде мектеп ұжымдарындағы лидердің бірнеше типі болатынын көрсетті.