ЛИКЕР

lat: LIKER

[фрaio. liqueur] з а т. т а м а қ. Жеміс шырындары, какао, кофе, бал сияқты дәмі күшті өнімдер қосылып жасалатын спирт пен қанты мол ішімдік.

Ликерлер ішімдік ретінде пайдаланылуымен қоса кондитерлік салада (кәмпиттерге, торттарға, кекстер мен кремдерге хош иіс беретін қоспалар ретінде) және кулинарияда (компоттарға, кисельдерге, балмұздақтарға, тұздықтарға қосылады) кеңінен қолданылады (Қаз. тілі термин. Тамақ.).

Мен ликер сияқты тәтті шарапты ішпеуші едім, бірақ тілегіңіз осы ғана болса, бұған да келістік (Ж.Тілеков, От кешу).

Тоқанның апасы анадай қабырғада тұрған серванттан ликер әкеліп, қыздар мен өзіне құйды (Е.Домбаев, Ғашықтық.).