ЛИНГВОНИМ

lat: LINGVONIM

( латынша lingua - тіл + onim атау, ағылшынша linguonym ) Белгілі бір Этностық қауымдастыққа, Этносқа, Халыққа, əлеуметтік топқа т.с.с. қызмет көрсететін нақты Тілдің, Этностық тілдің, Диаспора тілінің, диалектінің, социолектінің атауы. Тарихи Лингвоним. (тілдің тарихтың əр кезеңіндегі атауы, мыс., көне орыс тілі, орта орыс тілі, қазіргі орыс тілі); жергілікті Лингвоним (əр түрлі аймақтардағы тілдің атауы) болып екіге бөлінеді. Сонымен бірге Лингвоним мынадай тармақтары да бар: а) тілдер тобы жəне макротілдер тобы атаулары (мыс., алтай тілдерінің тобы, нострат тілдері); б) тілдердің генетикалық немесе типологиялық топтарының атаулары (мыс., түркі тілдері, агглютинативті тілдер); в) креол тілдерінің, пиджиндердің, жасанды тілдердің жəне т.б. атауы (мыс., эсперанто, трасянка); г) шын мəніндегі тілдердің, диалектілердің жəне өзге тілдердің атаулары (қар. Этноним, Тілдік қауымдастық).