lat: LINZA
[нем. Lіnse] з а т. Екі жағы да жарық сәулесін сындыратын оптикалық әйнек.
Телескоп, фотоаппарат сияқты аспаптардағы линзаның міндеті аспан денесінің не басқа бір нәрсенің кескінін түсіріп беру (X.Әбішұлы, Халық астрон.).
Жарықтың сыну және шағылысу заңдарын, линзалар қасиеттерін зерттеуде Кеплер, Снелли, Гримальди т.б. жемісті еңбек етті, Ньютон мен Гюйнес өзара бәсекелесіп, жарықтың екі теориясын – корпускулдық және толқындық теориясын ұсынды (А.Көбесов, Математика.).
Линза, көбінесе, оптикалық немесе органикалық шыныдан жасалады (ҚҰЭ).