ЛИРИКА

lat: LIRIKA

[грек. lyrikos] з а т. ә д е б. Ақынның нәзік сезімін, көңіл күйін суреттейтін поэзия түрі, көркем әдебиет жанрының бірі.

Исаның сақталған қолжазбаларының ішінде қысқа лирикалардың да, поэма, дастандардың да кіріспелері, үзінділері кездеседі (С.Бегалин, Сахара.).

Менің жаным лирикаңның жинағы Туларының биіктеткен мерейін. Менің кеудем ерекше бір күй бағы Бұлбұлыңның бүлкілдеткен көмейін (Т.Айбергенов, Мен саған.).

Кел, ақын, керемет бір жазайық жыр. Томырық лирика, тоқтай тұршы, Толқынды толғау неге азайып жүр? Кел, ақын, керемет бір жазайық жыр (М.Мақатаев, Шығ.).