1997 жылы Лиссабонда қабылданған Еуропа өңіріндегі жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тану туралы Конвенция. Израиль, Канада және АҚШ-ты қоса алғанда әлемнің 55 елінің білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды құқықтық құжаты болып табылады. Лиссабон конвенциясын әзірлеу мен қолдану Еуропаның академиялық және саяси ортасын білім беруді Болон процесі шеңберінде әрі қарай интеграциялауға түрткі болды. Конвецияның маңыздылығы сонда, ол Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінің қалыптасуына негіз болған жалғыз халықаралық құқықтық акт болып табылады. Лиссабон конвенциясы ресми біліктілікті қарастырады, сондай-ақ, конвенцияның жауапкершілігіне білім беру бағдарламасының табысты аяқталғанын тану да кіреді. Мұндай тану студентке бағдарламаның белгілі бір бөлігін өзге елде оқуға мүмкіндік береді. Алайда студенттер барлық мамандықтар бойынша еркін ауыса алмайды. Конвенцияның қағидаттарына сәйкес келу мақсатында мемлекеттің ЖОО-ы мен біліктіліктерді тану және танымау мүмкіндіктерін айырып бере алатын тетігі болуы тиіс. Конвенцияға қол қойған әрбір мемлекет конвенцияның басқа да қатысушылары сияқты ЖОО мен біліктіліктерді тану бойынша ортақ стандарттарды ұстануы және қолдануы тиіс.