Сақтандыруға тәуекелдерді қабылдау үшін қаржылық мүмкіндікті көтеру мақсатында синдикатқа біріккен Ллойд андеррайтерлерінің тобы, сонымен қатар әр синдикат мүшелері барлық синдикат мүшелері атынан сақтандыруға тәуекел қабылдайтын бір андеррайтер тағыйындайтынын ескере отырып, сақтандыру операцияларын жүргізгендегі қолайлылық. Әр синдикат мүшесінің сақтандыруға қабылданған тәуекелдегі үлесі оның синдикаттағы қаржы мүддесінің үлесіне тең. Әр синдикат мүшесі өзінің синдикатқа қатысу үлесі бойынша және сақтандыруға қабылданған тәуекелдер бойынша жеке өзі пропорционалды жауапкершілік артады және басқа да синдикат мүшелерінің қаржы мүмкіндігіне жауап бермейді. Сыйлықақы мен шығындар индикат мүшелері арасында олардың синдикаттағы қаржы мүддесіне пропорционалды түрде бөлінеді. Ллойд синдикаттарының өз нөмірлері болады, бірақ әдетте синдикаттың жетекші мүшелерінің бірінің атымен аталады немесе оған мүше болып табылмайтын синдикаттың атынан іс қабылдаушы андеррайтер атымен аталады.