Тәуелсіз классификациялық қоғам. Коммерциялық кемелердің классификациясын жүзеге асырады, жасалып жатқан кемелердің стандарттарын шығарады. 1760 жылы қалыптасқан ең ірі және көне классификациялық қоғам болып табылады. Ллойд тізімінің Ллойд корпорациясына тікелей қатысы жоқ. Ллойд тізімін рыноктың теңіздік андеррайтерлерін, кеме иелерін, кеме жасаушыларды, кеме машиналарын жасаушыларды және болат құюшыларды ұсынатын орталық комитет басқарады. Классификацияланған қоғам жыл сайын кемелердің класы көрсетілген, тіркелген 100 брутто тонадан артық әлемнің барлық кемелері туралы деректер келтірілетін Ллойд тізімін жариялайды.