ЛОББИ

lat: LOBBI

1) парламенттегі, съездегі т.б. мәжіліс залы сыртындағы орын; 2) (саяс.) жеке тұлғалардың, саяси субъектілер мен ұйымдардың белгілі бір заң жобаларына, қабылданатын шешімдерге ықпал ету мақсатында атқаратын іс-әрекетін білдіретін ұғым. Лобби ұғымы алғаш peт 1808 ж. АҚШ Конгресінің хаттамаларында қолданылды. Лоббиді АҚШ саясаттанушылары «Конгрестің үшінші палатасы», «үкіметтің төртінші билігі» деп сипаттайды.