ЛОГАРИФМ

lat: LOGARIFM

[грек. logos қатынас, arithmos сан] з а т. м а т. Сандардың дәреже көрсеткішін есептеп шығару амалы.

Европа жеріне логарифмдер XVII ғасырдың басында енді (О.Жәутіков, Математика.). Логарифм деген термин гректің екі сөзінен «логос» қатынас, «аритмос» сан, яғни «қатынастар саны» дегенді білдіреді (А.Көбесов, Математика.).

Көп ұзамай, Непер таяқшаларының автоматтық, графиктік қасиеттері мен логарифмдер қасиеттерін ұштастыра келіп, жаңа жетілдірілген логарифмдік сызғыш деп аталатын құрал ойлап табады (А.Көбесов, Математика.).