lat: LOGIKA
[грек. logike] з а т. 1. Ойлаудың салдары мен оның формалары туралы ғылым.
Осы заманғы логика кең мағынасында бірқатар салалар мен бағыттарға, тарауларға бөлінеді (ҚСЭ).
Евклидің логика, геометрия туралы кітаптарымен, Птоломейдің астрономиялық трактаттарымен танысады.
Оқу барысында Құсайын ан-Натилиді өзінің алғырлығымен, қабілеттілігімен таңқалдырады («Парасат»).
2. Ойлау барысы, ой қорытындысы, қисын.
Мен өлеңмен туып, өлеңмен өрбіп, өмір шегіп, өлеңмен көрге кіретін адамның баласы емеспін бе?
Логика осы ғой (Ғ.Сланов, Арман.).
Яғни, жекелеген ел демократия жағдайында тұра алмайды, оның артықшылығына қызықпайды деу логикаға сай келмейді («Түркістан»).