lat: LOGISTIKA
[ағыл. logistics] з а т. 1. м а т. Логиканы математикалық әдістер арқылы негіздеумен айналысатын математика саласы, математикалық логика.
Ал күнделікті құрылыс, сәулет өнері, жер өлшеу, сауда-саттық, тағы басқа әрекеттердің мұқтаждығын математиканың логистика , геодезия сияқты тараулары орындап отырды (А.Көбесов, Математика.).
2. ф и л о с. Математика мен логиканы ұқсас деп түсіндіретін идеалистік көзқарас.
3. Материалдық-техникалық қамтама- сыздық; материалдық, еңбек, энергетикалық және ақпарат тасқындарының қозғалысы процестерін жоспарлау, басқару және бақылау .
Логистика өнеркәсіпте, саудада, қызметтер саласында, банк ісінде, көлікте, кoммyнaлдық шаруашылықта және басқа салаларда шаруашылық және басқару процестерін оңтайландыру әдіснамасы ретінде кеңінен пайдаланылады (Қаз. тілі термин. Экономика.).