структуралық (құрылымдық) лингвистикалық бір бағыты ретінде ХХ ғ. 40-жж. қалыптасқан мектеп. Лондон лингвистикалық мектебінің негізін қалаушы – Дж,Р.Ферс. Мектеп өкілдері: У.Аллен, М.А.К.Халлидей, Р.Х.Роббинс, У.Хаас, Ф.Р.Палмер т.б. Лондон лингвистикалық мектебінің мақсаты: тілдердің ерекше болуын түсіндіре алатын жалпы теория жасау; зерттеулерді жүргізу үшін структуралық-қызметтік тәсілді жасау. Лондон лингвистикалық мектебінің жалпы лингвистикалық мақсатының қалыптасуына Э.Дюркгейм, Ф.де Соссюр және бихевиоризм теориясының кейбір идеялары әсер етті. Лондон лингвистикалық мектебі тіл құбылыстарын зерттеу үшін техникалық тәсілдерді жасауды тіл білімінің міндеті деп түсінді. «Тіл» ұғымы негізгі үш мағынасында жұмсалады:
1. Адам табиғатындағы ішкі қажеттілік.
2. Дәстүрлі әдет, яғни, тіл нормаларын үнемі үйрену және белсенді түрде қолдану.
3. Сансыз тілдік актілерді (сөйлемдеді) белгілейтін жалпы термин. Сонымен Лондон лингвистикалық мектебінің зерттеулері төмендегідей мәселелерді қамтиды: тілдің қоғамдағы орны мен қызметі; тіл және мәдениет; тіл табиғаты мен тілдің дамуы; тіл құрылысы; тіл деңгейлері мен бірліктері; лингвистикалық терминдер жүйесі; лингвистикалық категориялардың негізгі қасиеттері; тілдік мағына; жағдайға байланысты мағына теориясы; контекст ұғымы; контекст түрлері; тіл қызметі; просодикалық талдау.