ЛОНДОНДЫҚ САҚТАНДЫРУШЫЛАР ИНСТИТУТЫ

lat: LONDONDYQ SAQTANDYRÝSHYLAR INSTITÝTY

Институттың мүшесі болып табылатын сақтандыру компанияларының мүдделерін білдіретін андеррайтерлер қауымдастығы болып табылады. Институт қызметін Институттың мүшелері сайлаған комитет бақылап отырады. Институт сақтандыру ескертулерін, сақтандыру талаптарын әзірлеу бойынша күштерді үйлестіру арқылы сақтандыру мүдделеріне қолдау көрсетуге, сонымен қатар сақтандыру рыногы мәселелері бойынша өзара келісімге қол жеткізу мүмкіндіктерін қарастыруға жұмылдырылған. Негізінде Институт өз назарын теңіздік сақтандыруға салады. Полистер бойынша институт департаменті "Institute Policy Department" тиісті сақтандыруға қатысатын Институт мүшелері (Institute Policy) атынан ұжымдық полистерге қол қояды.