ЛЫПА

lat: LYPA

[ар. لباس ] з а т. 1. Әбден тозығы жеткен, көнетоз киім-кешек.

Көп керек пе адамға?

Көп керек пе?

Жоқ біреуде лыпа да,

Жоқ қорек те!

Жапырағы және де бұтағы бар

Жарлылардан байырақ көк терек те!.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

Қоңыр тон, шоқпыт бөрік, киіз етік

Лыпа жоқ тыр жалаңаш балалар да.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

Жарбиған жаман тымақ, тұлдыры қалмаған шидем шекпеннен бөтен лыпаңның бәрі үйде қалған-ды (Р.Райымқұлов, Болат.).

Оның үстінде жыртық көйлектен басқа лыпа болмағасын, өзіміз жайғастырған неміс офицерінің шинелін кигіздік (Ә.Нұрпейісов, Күткен күн).

2. с ө й л. Суға шомылғанда киетін киім .

Әйел пляжға келіп, сары ала атлас халатын сілкіп тастап, суға жүзер лыпасымен ғана қалғанда жағадағылардың бәрі жалт қарады (Ш.Мұртаза, Жүрек.).