Лау

lat: Laý

Шыңғысхан заманынан қалыптасқан алғашқы пошта. Мемлекеттік жұмыспен жүрген адамдарды, хат- хабарды бір бекеттен екінші бекетке ат-көлікпен жеткізіп тұрған қызмет түрі. (Моңғолша «ұла») «Лау атын мінген соң, күнін, түнін бір етіп, бір күн жетер сол кәпір.» (Бұқар жырау)