ЛАУЭГРАММА

lat: Laýegram

з а т. Рентген сәулелерінің көмегімен алынған қозғалмайтын монокристалдың дифракциялық кескіні.

Лауэграммадағы дақтардың орналасу қарқындылығына қарай кристалдардың жетілгендік дәрежесі туралы айтуға, сөйтіп оның ақауларын анықтауға болады (ҚҰЭ).