органикалық ерітінділерде немесе ылғалды ортада, мөлдір үлдір қалыптастыратын лактарды жағып, кепкен соң өнімнің үстіңгі бетіне жылтырлық пен көркемдік беру арқылы баспа өнімдерін өңдеу үдерісі. Таңбағатқа немесе қағазға лак қабатын жағу арқылы олардың жалтырақтығы, сыртқы әсерлерге беріктіктері мен төзімділіктері артады. Лактарды арнайы лак жағатын машиналарда немесе басу машиналарының арнайы секцияларында жағады. Суда еритін лактарды офсеттік басу машинасының ылғалдау аппаратын қолданып жағады.