ЛАНДШАФТ

lat: Landshaft

ем. Landschaft] з а т. г е о г р. 1. Белгілі бір аймақтың жалпы көрінісі, жер бедері.

Сары қарағайды егіс қорғайтын орман алқаптарына, сондай-ақ скверлер, шоқ тоғайлар парк ландшафттарын жасауға болады (М.Ахметов, Егін қорға.).

Адам мекендеген тау етегінің алқаптарында мәдени ландшафттар жасалуда (Б. Муханов,.. Қазақст. өсімдік.).

2. Тау жыныстары, ауа, су, топырақ, өсімдік, жануарлар дүниесі бір-біріне тәуелді, өзара тығыз байланыста болып келетін территориялық кешен.

Өліп бітіп бара жатқан жануарлары бар ландшафттарды сақтап қалу үшін қорықтар мен заказниктер құрылған (Жалпы биология).

Атмосфераға шығарылатын мұндай заттардың экологиялық зардабы бар, яғни олар ландшафтқа, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне, адамға зиянды әсер етеді (Т.Қалыбеков, Экология.).