белгілі бір жердің пейзаждық ерекшеліктерін ескере отырып құрылыс тұрғызу; бақтарды, саябақтарды, рекреациялық аймақтарды және т.б. жобалау. Бірінші жағдайда ландшафты сәулет өнері негізгі үш мақсатқа - адам өмір сүретін ортаны қызметтік-кеңістіктік ұйымдастыру, табиғаттың пейзаждық бейнесін оның ерекшеліктерін (экологиялық) сақтай отырып жаңғырту, эстетикалық проблемаларды шешу жөніндегі міндеттерді іске асыруға қол жеткізуге ұмтылады.