Лангерганс аралшығы

lat: Langergans aralshyǵy

(П.Лангерганс атымен аталған), омыртқалылардың (дөңгелек ауыздылардан басқа) ұйқы безінің эндокринді безінің бөлімін құрайтын клеткалар тобы. Дөңгелек ауыздыларда аралшық ұлпасы ішектің қабырғасында орналасады. Ланерганс аралшығы ұзындығы 50-500 мкм; 1 м 2 ұлпада 10-20 Лангерганс аралшығы орналасады, олар бездің шығару өзектерімен қосылмайды. Лангерганс аралшығы алдыңғы ішектің түтікше тəрізді өсіндісінен дамиды жəне жануарлардың түріне байланысты əртүрлі клеткалардан тұрады. 2-клеткаларында глюкагон гормоны синтезделеді, β-клеткаларында инсулин, δ-клеткаларында соматостатин, секретин жəне т.б. синтезделеді. Лангерганс аралшығында басқада пептидті гормондар синтезделеді, олардың қызметтері əлі анықталмаған.