lat: Las sóz
а) Қарабайыр, ұятсыз, әдепсіз сөз.
Осы февральдың 19-ында Досмайылдан бір хат алдық. Хатын оқып шыққаннан кейін көзімізге нанбадық, хажы, молда, ақсақал жазды дерлік емес. Бұрынғы хатта- рына өзі: «хажы ақсақал Досмайыл» деп қол қойдырушы еді. Оның үстіне молда екендігін де сездіруші еді. Мұндағы сөзі кісіге айтуға, қағазға жазуға боларлық емес. Қазақ тілінде бар әдепсіз, көргенсіз, лас сөздердің бәрі осында (М.Дулатов, Шығ.).
ә) Бөгде сөз, түсініксіз сөз.
Ал содан бастады Ахаң, тілден бәрін,
Алғандай Айдан қуат,
Күннен жалын,
Тазартты лас сөзден , кір-қоқыстан,
Нәр құйды, тіл емдеудің білген заңын (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).