lat: Leıb-gvardıa
[нем. Leibgarde] з а т. көне. Бірсыпыра монархиялық мемлекеттерде ерекше жағдайларда пайдаланатын әскер.
Жігіт Орынбордағы миллионер Хұсайыновтардың әулеті, лейб-гвардия офицері, сол жазда өз полкімен ішкі гүбірнелердің бірінен Қазанға ауысып келген екен (Б.Аманшин, Көкжар).
Жұт кезінде панасыз шешесі лажсыздан сатып жіберген қазақ баласының орысша тәрбиелену арқасында лейб-гвардия школына шейін көтеріліп, граф Любскийдің қызымен жарасқанын оқып білгенде, неміс жастары қандай таңдалды екен («Қаз. әдеб.»).